Шанхайда Қазақстанның 20-ға жуық жоғары оқу орны таныстырылды

None
None
БЕЙЖІҢ-ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - Шанхайда өткен білім жәрмеңкесінде Қазақстанның 20-ға жуық жоғары оқу орны таныстырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

«Қазақстандық білім күні» жәрмеңкесін Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің және Шанхайдағы Қазақстанның Бас консулдығының қолдауымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйымдастырды.

Қытайда таныстырылған қазақстандық ЖОО-лардың қатарында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық хореография академиясы, Халықаралық бизнес университеті бар.

Білім жәрмеңкесінің мақсаты - Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері және оларда білім алудың басымдықтары туралы кеңінен мәлімет беру.

Отандық жоғары мектептерге, Қазақстаннан студенттерді тартуға, студенттермен және оқытушылармен алмасуға және ықпалдастықтың өзге де бағыттарына үлкен қызығушылықты Нинбо және Шанхай қалаларының университеттері білдірді.

14-15 желтоқсан күндері осындай шараны Бейжің қаласында өткізу жоспарлануда. 

Соңғы жаңалықтар