Шаңғышы Алексей Полторанин Әлем кубогының масс-стартында төртінші болып келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швецияның Фалунасындағы Әлем кубогының классикалық стильмен 15 км қашықтыққа бағытталған ерлер арасындағы масс-старт кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Жарыс жеңімпазы ресейлік Александр Большунов болды. Екінші болып швед Калле Хальфварссон, үшінші болып италиялық Франческо де Фабиани келді.

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин жүлдеге сәл ғана жетпей қалды. Ол мәреге төртінші болып келді.

Шаңғы жарысы. Әлем кубогы. Фалун (Швеция) Ерлер.
Масс-старт. Классикалық стиль. 15 километр.

1. Александр Большунов (Россия) - 36:59.8

2. Калле Хальфварссон (Швеция) - +1.3

3. Франческо де Фабиани (Италия) - +3.1

4. Алексей Полторанин (Қазақстан) - +3.7.

Соңғы жаңалықтар