Шахтинск дәрігерлері сенбілік кезінде адамның қаңқасын тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Шахтинск қаласының дәрігерлері сенбілік кезінде адамның қаңқасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Адам сүйектерін Шахтинскінің Орталық ауруханасының қызметкерлері жұмысы тоқтап тұрған емдеу-сауықтыру мекемесінің жанынан тапқан.

Шахтинск полиция бөлімінің басшысы Думан Қожахметовтың айтуынша, сүйегі ғана қалған мәйіттің табылуына қатысты тергеу жүргізілуде.

«Факті бойынша тергеу басталды, сараптамалар тағайындалды», - деп атап өтті Думан Қожахметов.

Қаңқаның жанында сондай-ақ, ауруханада емделіп шыққандығы туралы құжаттар мен рентгендік сурет жатқан. Құжаттарға сүйенсек, табылған өлік Шахтинск қаласының тұрғыны, 1975 жылы туған ер адамдікі.

Соңғы жаңалықтар