Шахмат: Қызылордалық Әсел Серікбай жасөспірімдер арасындағы олимпиадаға қатысады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат- Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали Қызылорда облысының мерейін үстем етіп келе жатқан жас спортшылардың қатарында. 

Екеуі де  Сыр өңірі тарихындағы шахматтан алғашқы ФИДЕ шеберлері, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылғы оқушылар арасында Әлем чемпионы, 3 дүркін Азия чемпионы атанған Әсел Серікбай және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Назерке Нұрғали 8-30 қарашада Тарвизио (Италия) қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтетін Әлем чемпионатына дайындалуда.           Олар дүбірлі бәсекенің алдында 1-7 қарашада Алматы қаласында болатын оқу-жаттығу жиынына барады

Содан кейін Әсел Серікбай 10-20 желтоқсанда Гуджарат штатында (Үндістан) 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында болатын Бүкіләлемдік Олимпиадада облыс намысын қорғайды.

2018 жылы Әсел мен Назерке  Албанияда - Әлем, Тайландта Азия чемпионаттарында бақтарын сынайды.

Соңғы жаңалықтар