Шаханда қайтыс болған от жағушының отбасына миллион теңге бөлінеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қайырымдылық көмек қоры Шахтинск қаласы маңында орналасқан Шахан кентінде көпқабатты үйдегі жылу қазандығының жарылуы бойынша атышулы істің куәгері, қаза тапқан от жағушының отбасына миллион теңге бөлінеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен тұлғаларға арналған көмек қоры» жеке қайырымдылық қорының директоры Ерлан Керімқұлов хабарлағандай, қамқоршылық кеңесінің отырысында от жағушының жесірі мен екі жас қызына миллион теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

«Қаржы солардың банк шотына аударылады. Біз шот ашып, реквизит алуға көмектесеміз. Сондай-ақ, банк әкімшілігінен қызмет көрсеткені үшін комиссиялық ақшаны ұстап қалмауын сұраймыз», - деп хабарлады Керімқұлов.

Ерлан Керімқұлов атап өткендей, қаза тапқан от жағушы жылу қазандығының жарылуына кінәлі емес.

«Құқық қорғау органдары от жағушының кінәсін анықтамады. Қазіргі таңда жесір мен оның екі жас қызы жылу қазандығы жарылған бесқабатты тұрғын үйдің тұрғындары секілді зардап шегуші болып табылады», - деді Ерлан Керімқұлов.

Соңғы жаңалықтар