Сейсенбіде еліміздің солтүстік батысы мен оңтүстігінде жауын жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр күтіледі, солтүстік-батыста және оңтүстікте қатты жауын жауады. Тек солтүстікте, шығыста және қиыр оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Жамбыл, Қызылорда облыстарында екпіні 23 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, түнде және таңертең Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

 

Соңғы жаңалықтар