Сеулде төтенше жағдай жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның астанасында сәрсенбі күні ауаның жоғарғы деңгейде ластануына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Атмосфераның ластануын азайту үшін жұп санды тіркеу нөмірлері бар жеке көлік иелеріне жолға шықпауына кеңес берілді. 17 қаңтарда қалалық қоғамдық көліктер қарбалас сәтте тегін жұмыс істемек. Қала билігі ауаны ластайтын 80 мемлекеттік кәсіпорынды өндіріс көлемін азайтуға міндеттеді.

Жедел шараларды жүзеге асыру үшін қалалық бюджеттен тәулігіне $4,5 млн қаржы жұмсалады. Алайда, мониторинг дерегіне сәйкес, бұл әрекеттер экологиялық жағдайға көмектеспей отыр. Осыған байланысты оппозиция мемлекеттік қаржының тиімсіз жұмсалғанын сынға алуда. 

Соңғы жаңалықтар