«Серпін» бағдарламасын шеттен келген ағайынға бейімдеу керек - Елбасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Серпін» бағдарламасын шеттен келген ағайынға бейімдеу керек. Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті еліміздің оңтүстіктегі 3-4 облысында ғана ел халқының 40 проценті шоғырланғанын, ал солтүстік өңірде адам санының аздығын баса айтты.

«Сондықтан әдейі бағдарлама қабылдап, жұмыс таппай жүрген оңтүстіктің тұрғындарын солтүстікке  көшіріп, орналастырып, жұмыс беріп, балаларрын оқытып, мамандық беріп, жатырмыз. Ағайындар еңбек күші аз, бірақ барлық жағдайы бар терістік жаққа қоныстануға ынталы болуы маңызды», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Түрікменстаннан, Ауғанстаннан келген ағайындарымыз Оңтүстік Қазақстанға,  Жамбылға, Алматыға қоныстануға тырысатындығын, ол жақта онсыз да халық санының көптігінен жұмыс табу қиын екендігін айта келе, «Серпін» бағдарламасына тоқталды.

«Бағдарламаны көбейтіп, оны көшіп келген ағайындарға да бейімдеуіміз қажет. Сол жақтарда бейімдеу орталықтары түсіндіру жұмыстарын жүргізсе, мамандығы жоқтарын мамандыққа баулитын болса, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыратын болса, сол кезде келушілер тұрақталып қалатын болады. Келген ағайындарды қоныстандыратын үйлер салып, әлеуметтік инфрақұрылым жасау керек. Оны бағдарлама түрінде қолға алғанымыз жөн. Қажетті мамандық алуына жәрдем беру, жұмыспен қамту үшін жол картасын жасау қажет. Осының барлығы ұлтымыздың, еліміздің жарқын  болашағы үшін атқарылатын маңызды шаралар болмақ", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар