Сербияның жаңа президенті Қазақстан елшісін қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербия президенті Александр Вучич Белградта Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Нұрбах Рүстемовты қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағы мен қазіргі жағдайын, халықаралық проблематиканы талқылады. Ел президентіне 2 сәуірде өткен президент сайлауында Александр Вучичтің жеңуіне орай Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хаты табыс етілді. Қазақстандық дипломат «Қазақстанның үшінші жаңғыруы; жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты президенттің жолдауында айтылған еліміздің даму басымдығымен таныстырып, аталмыш құжаттың серб тілінде жазылған мәтінін табыс етті. Сондай-ақ, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі тезистері мен конституциялық реформаның қорытындысы туралы ақпарат берді», - делінген хабарламада.

Сербия президенті Қазақстан басшылығымен өткен жылы болған кездесуді тілге тиек етіп, Қазақстан астанасының даму қарқынына қайран қалғанын айтты. Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан халықаралық қоғамдастыққа өзін мойындата білгенін атап өтті. Сербияны Қазақстанды маңызды серіктес ретінде қарастырып, ұзақмерзімді қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар