Сенбілікке әркім өз еркімен қатысуы керек - Алик Шпекбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмысшыларды, егер басшылық сенбілікке мәжбүрлесе, ведомствоға хабарласуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін электрондық үкімет порталындағы интернет-конференцияда Руслан Аташев есімді пайдаланушы агенттік басшысына сенбіліктерге жұмылдырудың заңға қаншалықты сай келетіндігі туралы сұрақ қойды.

Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілер сенбіліктерге тек ерікті түрде баратынын айтып, біреу мәжбүрлеген жағдайда агенттікке хабар беруге шақырды. «Мемлекеттік қызметшілерді сенбі күндері елді мекендерді санитарлық тазалау жұмыстарына (сенбіліктерге) жұмылдыру ерікті түрде іске асырылады. Демалыс күндері мәжбүрлеп жұмысқа шақырылған мемқызметші агенттікке немесе оның сол өңірдегі аумақтық бөлімшесіне жазбаша шағым түсіре алады», - деді Алик Шпекбаев.

Соңғы жаңалықтар