Сенбіде Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республика аймақтарында бұрынғыдай жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман  күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысының кей жерінде тұман, Алакөл аудандарында жел 18-23 м/с күшейеді.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар