Сенаторлар коллекторлық қызмет мәселесін қарайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай депутаттардың осы аптадағы жұмыс кестесін жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ертең, наурыздың 28-і күні Парламент Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда ауа кеңістігі мен авиация қызметін пайдалану мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқыланады. Ал наурыздың 29-30-ы күндері Сенаттың xалықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы көшпелі отырысы ұйымдастырылып, мемлекеттік шекараны қорғау мәселелері талқыланады деген жоспар бар.

"Сәрсенбі күні Сенаттың қаржы және бюджет комитетінде коллекторлық қызмет және оған ілеспе заң жобасын талқылау бойынша кеңейтілген отырыс болады. Наурыздың 30-ы күні әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті депутаттары мәдениет және спорт министрлігінің басшылығымен, театр қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізеді. Кездесуде мәдениет мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылау жоспарлануда", - деп атап көрсетті Жұманбай.

Сондай-ақ наурыздың 29-ы күні Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді. Онда заңнамаға дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі түзетулер жобасы қаралады. Бұдан бөлек, Мәжіліс депутаттары xалықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының жарғысын ратификациялау туралы заң жобасын қарайтын болады.

«Жарғыны ратификациялау Қазақстанның Гаага конференциясына қосылуына мүмкіндік береді және Қазақстан азаматтарының мүддесі мен құқықтарын қорғау тиімділігін арттыруға, көпшілік мақұлдаған әлемдік стандарттардың негізінде еліміздің құқықтық жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді. Ал наурыздың 30-ы күні Мәжілістің қаржы және бюджет комитеті Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды іске асыруға арналған "дөңгелек үстел" өткізетін болады»,- деді ОКҚ ресми өкілі.

Соңғы жаңалықтар