Сенаторлар Алматыдағы «Инновациялық технологиялар паркінде» бас қосты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Алматыда «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының инновациялық әлеуетін дамытуға арналған көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Көшпелі отырысқа Сенат депутаттарымен бірге ҚР Инвестиция және даму министрлігінің және бірқатар кәсіпорындардың басшылары, сарапшылары қатысты.

Көшпелі отырыста комитет төрағасы Асқар Бейсенбаев бұл салада Елбасы тарапынан бірқатар маңызды міндеттер тапсырылғанын атап айтты. 
null 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында экономиканы жедел технологиялық жаңғырту маңызды басымдық болып белгіленген. Мемлекет басшысы жоғары оқу орындары мен «Алатау» инновациялық технологиялар паркі негізінде ғылыми және инновациялық әлеуетті дамытуды тапсырған болатын», - деді Комитет басшысы.
null 

Жиында арнайы экономикалық аймақты басқару жүйесіне, АЭА-дағы салық салу және кеден төлемдері жүйесін жетілдіруге, өнімге сұранысты ынталандыру шараларын енгізуге қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

Талқылауды комитет төрағасы А. Бейсенбаев қорытындылап, Инвестиция және даму министрлігінің өкілдерін «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің стратегиясын нақтылау барысында көтерілген мәселелерді қарастыруға және барлық қажетті шешімдерді қабылдауға шақырды.
null 

А.Бейсенбаев бүгінгі талқылау нәтижесі Сенат депутаттарының тиісті заңнамалық актілер бойынша жұмысы кезінде ескерілетінін айтты. 

Айта кетейік, шараға қатысушылар «Tech Garden» үдеткіші негізінде ұйымдастырылған стартап-жобалар көрмесінде және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтағы бірқатар нысандармен танысты. 
null null null 

Соңғы жаңалықтар