Сенатор: Техникалық жағдайы нашар көліктерді жолға шығармау керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Техникалық жағдайы өте нашар автокөліктерді жолға шығармау керек. Бұл туралы Сенаттағы парламенттік тыңдауда сенатор Мұхтар Алтынбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астанадағы автомобильдердің техникалық жағдайына назар аударғым келеді. Алдағы уақытта «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді, осы орайда қалаға шетелден қонақтар көптеп келетінін белгілі. Байқасаңыздар, жолдарда техникалық жағдайы өте нашар көліктер жүр. Бұл автокөліктерді жолға жақындатуға болмайды, яғни жуылмаған, жан-жағы соғылған, жарық құрылғылары істен шыққан. Бірнеше рет тоқтап, шамдары жанбайтын көліктерге қатысты полиция қызметкеріне ескерттім. Өз кезегінде бұл қызметкер ешқандай шара қолданбады. Осы мәселелерге мән берген жөн», -деді сенатор.

Бұдан бөлек, М. Алтынбаев адамдарды жүргізушілік куәліктерінен айырудың орнына  айыппұл салған тиімдірек екенін айтты.

«Әрине, алкогольдік ішімдікке масайған күйінде ұсталса, онда жүргізушілік куәлігінен айырған дұрыс. Ал қалған жағдайларда айыппұл салу керек, бұл өз кезегінде бюджет түсімін де арттырады»,-деді депутат.

Соңғы жаңалықтар