Сенатор Перепечина Дүниежүзілік парламенттік конференцияға қатысуда

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ольга Перепечина Вашингтонда Дүниежүзілік парламенттік конференцияға қатысуда.

Шараны Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының парламенттік желісі ұйымдастырған болатын.

Форумға Дүниежүзілік банкіге және Дүниежүзілік валюта қорына мүше елдерден экономикалық даму саласынан, әріптес парламенттік ұйымдардың өкілдерінен 200-ге жуық парламентші қатысуда.

Шараның күн тәртібінде жұмыс орындарын ашу арқылы экономикалық өсуді жеделдету; қолайлы климатты дамыту және энергетикалық саясат; сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік басқаруды жақсарту; баланы ерте дамыту тұрғысында адам капиталын инвестициялау; көші-қонның экономикалық және әлеуметтік зардаптарымен күрес; кәсіби әдісткерлікті дамытуға ықпал ету мен әлеуметтік ынтымақ тақырыптары бар.

 

Соңғы жаңалықтар