Сенат: Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мақсаты халықаралық жеке құқықтың ережелерін бірте-бірте унификациялауға ұмтылу болып табылады. Оның құрамына 79 ел мен Еуропалық Одақ еніп, 80 мүшеге жетті.

Бүгінгі таңда Гаага конференциясының аясында 39 конвенция жасалған болса, біздің еліміз олардың 8-ін ратифициялады.

Біздің еліміздің Гаага конференциясына мүше болуы Қазақстан құқық жүйесінің әлемдік стандарттарды ескере отырып, одан әрі дамуына, қазақстандық азаматтардың шет елдердегі мүдделері мен құқықтарының қорғалу тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Гаага конференциясының құрамына ену Қазақстанға ортақ істер мен саясат жөніндегі кеңеске қатысуға, конвенция жобаларын әзірлеу үшін арнайы комиссиялар жұмысына қатысуға немесе Гаага конференциясы жұмысының аясында халықаралық жеке құқықтың барлық мәселелерін зерделеуге, Гаага конвенциясына үйлестіруді талдау барысында Гаага конференциясы мен оның мүшелерінің сараптамалық (техникалық) көмегін алуға, немесе өзге Гаага конвенцияларына қосылудың иімділігі мәселелерін қарастыруға мүмкіндік береді.

Заң жобасы Палата қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар