Семейде жоғалған әйелді іздеу жұмыстары 1,5 айға созылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей полициясы мен еріктілері құжатсыз, ақшасыз және телефонсыз бір жарым ай бұрын жоғалған 56 жастағы Сәуле Садуақасованы іздеп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Әйел үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Полицейлер атап өткендей, әйелдің жоғалғаны туралы арызды оның әкесі түсірген. Оны соңғы рет 28 қазанда цемент кенті аумағынан көрген.
«Rina.kz - Семей» еріктілер қозғалысының көшбасшысы Евгений Павелдің айтуынша, жоғалған әйелдің ұлы ол кезде әскерде болған.
«Ол туралы басқа ешқандай ақпарат жоқ, тек оның құжаты да, ақшасы да, ұялы телефоны да жоқ екені белгілі. Оның киіп кеткенін де білмейміз. Әйелдің адасып қалуы да мүмкін».

Белгілі болғандай, оның ұлы Рахат әскерден 1 желтоқсанда келген. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне мәлім еткендей, оның анасы туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Ол туралы қандай да бір ақпарат білетін жандардың мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды: 8-777-349-57-17, 8-778-307-33-34, 8-707-520-83-04 немесе 102.

Соңғы жаңалықтар