Семейде жауыздықты насихаттаған азамат сотталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде жауыздықты насихаттайтын бейнежазба таратқан азаматқа үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей қалалық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

38 жастағы қала тұрғыны WhatsАрр желісіндегі «Семей-Ука-Павлодар» тобы арқылы жауыздық пен қатігездікті насихаттайтын бейнежазбаларды таратқан. Азамат аталмыш топқа 2017 жылдың қараша айында қосылған. Содан бері ол өзіне беймәлім адамнан келген 24 түрлі роликті осы топқа салып келген. Ал мұны 256 адам көрген. Кейіннен роликтерді көрген адамдардың бірі құқық қорғау органдарына арызданған. Азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 313-бабы бойынша із қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіледі. Сот отырысы кезінде ол видеолар әлеуметтік желі арқылы келгенін айтып, кешірім сұрады.

Сот шешіміміне азамат кінәлі деп танылып,  бір жылға бас бостандығын шектеу және 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

«Азамат «Қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату» бабы бойынша жауапқа тартылды. Тергеу нәтижесінде таратылған бейнежазбалар адамды аяусыз өлтіру, экстремизмді насихаттау және басқа да роликтер екені анықталды»,-деді Семей қалалық №2 сотының баспасөз хатшысы Мейрамгүл Мурзакасимова.

Соңғы жаңалықтар