Семейде мектеп басшылығы жалғызбасты әкеден ірі көлемде қаржы өндірмекші болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде орта мектеп әкімшілігі үш бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкеден жанып кеткен мультмедиялық құрылғыға келтірілген материалдық залал ретінде 395 мың теңге талап етіп, сотқа шағымданған. Бұл туралы YK-news.kz қалалық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

2013 жылы мектеп әкімшілігі 11 жасар мүгедек баланы үйде оқыту үшін оның ата-анасына мультимедиалық жабдық береді. Ер кісімен материалдық жауапкершіліктерді толықтай өз мойнына алатыны туралы келісімшарт жасалады. 2015 жылы үй өртке оранған кезде құрылғы жанып кетеді. Мектеп өкілдері 395 мың теңгені талап етіп, сотқа шағым түсіреді.

Қалалық сот атап өткендей, материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы Еңбек кодексі негізінде жасалған. Бұл жағдайда жауапкер мектеп қызметкері болып табылмайтындықтан, сәйкесінше еңбек заңнамасын қолдануға болмайды.

Сондай-ақ, сот ер кісінің өрттің болғанына кінәлі емес деп танып, талапты қанағаттандырмады. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар