Семей облыс орталығы болмақ деген алыпқашпа сөзге нүкте қойылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы әлеуметтік желіде Өскемен мен Семей қалалары мәртебесінің өзгергендігі туралы сыбыстардың жалған екендігін мәлімдеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады.

«Facebook, vkontakte әлеуметтік желілері мен Whatsapp мессенджерінде таратылған Өскемен мен Семей қалалары мәртебесінің өзгеретіндігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп мәлімдеді ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Серік Жеңісов.

Айта кетейік, таратылған хабарламаларда Семейдің облыс орталығына айналып, Өскеменнің жабық қала мәртебесіне ие болатындығы айтылған еді.

Ведомствода ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, азаматтардың мұндай әрекеттері қылмыстық құқық бұзушылық саналатындығын еске салды. Атап айтқанда, ҚР ҚК 274-бабы 2-тармағына сәйкес БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 5 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеу немесе 2-ден 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылады. 

Соңғы жаңалықтар