Science журналы: Ғаламшарда құм таусылып қалуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Science журналында жарияланған зерттеу авторлары әлем көшбасшыларын тау кен қазу өнеркәсібі мен құм сатылымына халықаралық ережелер қалыптастыруға шақырды. Олай болмаған жағдайда, жақын арада жер бетінде құм қалмай қалуы әбден мүмкін.

Ғалымдардың айтуынша, таяу арадағы Хьюстон, Бангладеш және Непалда болған су тасқыны салдарынан теңіз деңгейінің артуы құмға деген сұранысты арттыра түседі.

«Әлем бойынша құм және қиыршық тас өндірісі жылына өндірілетін барлық материалдардың 68-85 пайызын құрайды және бұл көрсеткіш өсіп келеді. Құм -  шектеулі ресурс, алайда әзірге сұраныстардың ұсыныстардан асып түсу-түспеуі белгісіз», - дейді мамандар.

«Құм әйнек пен  түрлі электроника өндірісінде және жер қыртыстарының гидравликалық ажыратуына пайдаланылады. Осыған байланысты, тау жыныстарын заңсыз сатумен айналысатын «құм мафиясы» да пайда болған», деп жазады ғылыми журнал. 

Соңғы жаңалықтар