Сайрамда «Жасыл экономика» аясында екі жоба жүзеге асырылуда - ОҚО

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында «Жасыл экономика» бағдарламасы аясында өзен суы мен күн көзінен электр энергиясын өндіретін 2 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, баламалы энергия көзін өндірумен айналысатын «Ақсу Энерго» ЖШС-інің Ақсу өзенінен электр энергиясын алатын гидроэлектр стансасы бар. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қолға алынған бұл станса тәулігіне 2,5 МВт электр қуатын өндіреді. Өндірген қуатын кәсіпорын «Оңтүстік Жарық» компаниясына жіберіп отырады.

Серіктестіктің екінші жобасы - электр қуатын күн көзінен өндіруге бағытталған. Бұл үшін 2,5 гектар аумаққа күннен қуат алатын 4 мыңнан астам батарея орнатылған. Орнатылған күн панельдері мен өндірілген электр қуатын бір жерге топтастырып, ортақ трансформаторға жіберетін құрылғы Қытай елінен әкелінген. Өткен жылы күн көзінен 987,166 МВт болатын тоқ өндірілген. Жалпы электр стансасы сағатына 1 МВт электр қуатын өндіреді. Бұл шамамен 50 отбасыны жарықпен қамтуға жеткілікті.

Күн көзінен энергия алу ісі жазды күні жанданса, гидроэлектр стансасы бұл мезгілде егістікті суару кезі болғандықтан жұмысын уақытша тоқтатады.

Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің басты ұстанымы осы «Жасыл экономиканы» дамыту болып табылатындығын айта кеткен жөн.

Соңғы жаңалықтар