Саябек Зиядин: Елбасы бастамасы - дамыған елдердің қатарына ұмтылған экономикалық қадам

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жастардың үмітін оятты, дейді Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Экономика зерттеу орталығының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Саябек Зиядин.

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасындағы» бірінші бастама - «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру»  жастардың үмітін ұлғайтты. Несиелендіруді әртараптандырудың негізгі тетігі болып саналатын ипотека мәселесі халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде үлкен орын алатыны рас. Әлемдегі ең төменгі ипотека беретін бес мемлекет бар: Жапония 1,68 %, Швейцария 1,75%, Финляндия 1,83%, Германия 1,90%, Люксембург 2,0%. Бұл мемлекеттің кісі басына табысы да біздің мемлекетпен қарағанда анағұрлым жоғары.  Жапонияда ипотека 10 пайыздық бастапқы жарнамен 35 жылға дейін беріледі. Жапонияда инфлияция деңгейі нольдің айналасында болғанын ескерсек, пайыздық мөлшерлемесі өте орынды деп есептеуге болады», - дейді профессор.

Қазақстандағы қаржылық жағдайды ескерсек, жиырма бес жылда инфлияция деңгейі қандай болмақ? Экономика ғылымдарының докторы соны да реттейтін мемлекеттік механизмдер қатар орындалуы тиіс деп санайды.

«Бұл жерде несие беруші банктер де ұтылмауы керек. Елбасының бұл бастамасы - еліміздің осындай алпауыт мемлекеттерінің қатарынан көрінуге деген қарышты экономикалық қадамы. 30 дамыған мемлекеттің басты нышандарының бірі мемлекеттің халықтың әлеуметтік жағдайын жетілдірудегі рөлі. Бұл әлеуметтік қадам соның айқын айғағы», - деді ғалым Саябек Зиядин.

Фото: kazguiu.kz

Соңғы жаңалықтар