«Сауда үздігі» республикалық байқауында қызылордалықтардың мерейі үстем болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Сауда үздігі - 2017» республикалық байқауында қызылордалық 3 компания ең үздік компания ретінде танылды, деп хабарлады ҚазАқпарат  тілшісі облыстық кәсіпкерлер палатасына  сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен «Атамекен» ҰКП мен Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының бірлесіп өткізген байқауы биыл Атырау қаласында өткен болатын.

«Сауда үздігі» байқауының мақсаты - кәсіпкерлердің кәсіби қызметіне жоғарғы баға берумен қатар Қазақстанның сауда кәсіпорындарының үздік басшыларын анықтау, сервис деңгейін және қызмет көрсету сапасын көтеру, еліміздегі сауда саласына заманауи формаларды енгізу болып табылады.

Аталмыш байқауға қатысқан Қызылорда облысының кәсіпкерлері бірнеше номинациялар бойынша І орынды жеңіп алды.

Атап айтқанда, «Үздік бөлшек сауда кәсіпорны» номинациясы бойынша «Браунис Қазақстан» ЖШС І орын;

- Үздік демалыс аймағы номинациясы бойынша «Нұр-назар» ЖШС-нің «Арай» спорттық-сауықтыру кешені, «Үздік көтерме сауда кәсіпорны» номинациясы бойынша «Абзал және К» ТС бірінші орындарды еншіледі.

«Жылдың үздік басшысы» номинациясының гран-приі «Абзал және К» ТС-нің директоры Мұрат Сәрсенбаевқа берілді.

Айта кету керек, қызылордалықтардың байқау қорытындысымен І орынға ие болуына орай, келесі жылы «Сауда үздігі» республикалық байқауы Қызылорда облысында өтетін болды.

null 

Соңғы жаңалықтар