Сауда орталығында құлап кеткен баланың туыстары оқиғаның қалай болғанын айтып берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2 жасар баланың анасы Айнұр Бекбасарова «Март» сауда үйінің басшысы кездесуге шақырып отырғанын айтты, деді хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Есімін атамай, өзін 2 жасар баланың мамасының апасы деп таныстырған әйел адам бүгін сағат 17:00-де «Март» сауда орталығының басшысымен кездескелі отырғанын айтты.

«Олардың баласы бар. Сол күні үлкен қызының туған күні болған. «Март» сауда орталығына апарып ойнатқан. Оқиға үйге қайтып келе жатқанда болған. Қол арбаға бір айлық баласын салып, екі жастағы баланы қолына алған. Түсіп жатқанда арбаның дөңгелегі эскалаторға кептеліп қалған. Соны алып жатқанда қолындағы бала 3 қабаттан құлап түскен. Ұл бала, есімі - Нұрғиса. Ол төрт баланың үшіншісі», - дейді апасы.

Құлаған баланың отбасы мүшесі емдеу шаралары әзірге тегін, дәрігерлер қаражат сұрамағанын айтты.

«Бізден қаражат сұраған жоқ. «Март» сауда орталығының басшысы 17:00-де кездесуге шақырды. «Қандай көмек керек?» деп сұрады. Отбасында төрт бала, папасы өзі ғана жұмыс істейді. Көмек керек болады», - деді ол.

Қазір ауруханада жатқан 2 жасар Нұрғисаның әкесі Болат Омаров аллюминий зауытында жұмыс істейді. Үйдің үлкені 1-сыныпта оқиды. Екіншісі 3,5 жаста, үшінші баласы 2 жастағы Нұрғиса, төртінші баласы - 1 айлық. Отбасы Алматы облысы, Іле ауданы Ащыбұлақ ауылында тұрады.

«Март» ойын-сауық сауда орталығы әзірге ешқандай ақпарат берген жоқ.

Айта кетейік, 12 қазан күні Алматы қаласындағы «Март» сауда ойын-сауық орталығында эскалатормен кетіп бара жатқан анасының қолынан құлап түскен болатын. Оқиға Түркісіб аудандық ІІБ қайғылы жағдай ретінде тіркеуге алынып, полиция тарапынан кешенді тексеріс жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар