Сауда орталығында құлаған 2 жасар баланың жағдайы әлі де ауыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері «МАРТ» сауда ойын-сауық орталығында 3 қабаттан құлаған бағала қатысты жаңа ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы төмендемеген. Алайда, оның жағдайы әлі де өте ауыр.

«Баланың жағдайы өте ауыр, дәрігерлер бақылауына алынған уақыттан бері төмендеген жоқ. Бала жедел көмек көрсету орталығының жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 12 қазан күні Алматы қаласындағы «Март» сауда ойын-сауық орталығында 2 жасар ұл бала эскалатормен түсіп бара жатқан анасының қолынан құлап кеткен болдатын. Оқиға Түркісіб аудандық ІІБ қайғылы жағдай ретінде тіркеуге алынып, полиция тарапынан кешенді тексеріс жүргізіліп жатыр.

Баланың денсаулығына қатысты Алматы дәрігерлері бұған дейін де мәлімет берген .

Алматы қаласы Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхаммед Рузуддинов баланың денсаулығына өте нашар екенін айтқан.

 «12 қазан күні кешкі сағат 17:50-де қаладағы сауда кешендерінің бірінен 2 жасар бала жеткізілді. Куәгерлердің және жедел медициналық қызмет дәрігерлерінің айтуы бойынша, бала 3-ші қабат баспалдағынан құлаған. Біздің болжауымызша бала басымен құлаған. Баланың жағдайы өте ауыр. Орталықтың нейрохирургтары және басқа да сала бойынша дәрігерлері қарап, балаға қосарланған жарақат, ашық бас ми жарақаты, ортаңғы жілік сынығы, кеуде, іш пердесінің соғылуы секілді диагноз қойды. Балаға түнде ота жасалды. Бас ми жарақаты күрделі болғандықтан, ота жасалды. Бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр. Әлі есін жиған жоқ. Қандай ем керек соның бәрін қабылдап жатыр. Дұрыс болады, жазылып кетеді деген сеніміміз бар», - деген болатын Д.Рузуддинов.

Соңғы жаңалықтар