Сауд Арабиясы мұнай бағасына қатысты болжам жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен энергетика жөніндегі VIII Халықаралық форумына Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалих қатысты. Шарадан кейінгі баспасөз мәслихатында әл-Халид мырза мұнай бағасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді, мұнай бағасының нақты бағасын болжау қиын. Себебі оған көптеген факторлар әсер етеді. Бұдан бөлек, геосаяси және макроэкономикалық себептер тағы бар. Дегенмен, біз министрлер деңгейінде осы мәселеге әсер ете аламыз. Қазір негізгі мақсат - мұнай саласындағы тепе-теңдікті сақтау. Себебі мұнайдан түсетін қаржы бір аймақта шоғырланса, тұрақсыздық болады. Ондайға жол бермеу керек. Сосын ұсыныс пен сұраныстың арасында теңдік болуы тиіс. Сонда мұнайдың бағасы да өзгереді. Дегенмен, алдағы уақытта мұнайдың бағасы үш мәнді санға жетеді деп айта алмаймын. Себебі ұсыныс сұраныстан басым болады», - дейді Халид әл-Фалих.

Айта кетейік, бүгін ЭКСПО-2017 көрмесі аясында энергетика жөніндегі VIII Халықаралық форумы мен осы саладағы министрлердің кезекті конференциясы өтті. Отырыс барысында РФ энергетика министрі Александр Новак Еуропаның қазіргі ұстанымына өз елінің ренішін білдірді. 

Соңғы жаңалықтар