Сауд Арабиясы министрі ҚР-да мұнай өндіру көлемін азайту мәселесін талқылайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халед  Аль-Фалех Қазақстанда 2017 жылдың екінші тоқсанында мұнай өндіруді шектеу мәселесін талқылауға ниетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Министр Бозымбаев екеуіміздің де, екі елдің де мүддесі бір жерден шығып жататын тұс көп. ОПЕК-ке мүше елдер  мұнай өндіруді азайту туралы уағдаластық жасады.  Өздеріңіз байқағандай, оның нәтижесі нарықта көрініс тапты. Бұл мәселеге қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Осы күндері - бүгін-ертең келісімді ұзарту мәселесін талқылағым келеді», - деді ол энергетика министрі Қанат Бозымбаевпен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Ол сенбі күні Бақытжан Сағынтаевпен кездесетінін хабарлады.

«Мен ертең ҚР Премьер-Министрімен кездесіп, алдағы жартыжылдықта не істейтінін сұраймын. Нарықтың алға жылжып жатқанын атап өткен жөн», - деп атап өтті шетелдік министр.

Еске салайық, Қазақстан ОПЕК-ке шикізат өндіруді 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда (тәулігіне 1,7 миллион баррель) осы жылдың бірінші жартысында тәулігіне 20 мың баррельге дейін азайтуды уәде еткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар