00:48, 22 Қараша 2017 | GMT +6
Сәрсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста және шығыста жауын-шашын сақталады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, қатты жел соғады.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, ШығысҚазақстан, Алматы, Павлодар облыстарының тұман түседі.