Сапасыз құрылыс салған екі компанияның ісі сотта қаралады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында сапасыз құрылысқа жол берген екі компанияның ісі сотта қаралады. Мердігерлер мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үйлер салумен айналысқан. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Салыхан Полатов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Басқарма басшысының сөзінше, құрылыс жұмыстарын талапқа сай жүргізбеген компанияларға айыппұл салынған. Бүгінгі таңда осындай 30 мердігер мекеме анықталып отыр. Сондай-ақ жобалаушылар мен тапсырыс берушілер де өз істеріне салғырт қарайтыны жұмысқа кедергісін келтірген. Конкурстар мерзімінен кешіктіріліп, нысандарды салуға бөлінген қаражаттар да дер кезінде жетпей жатады екен. Ал, құрысшылар жұмыс барысында қойылатын талаптарды сақтамайтын болып шықты. Яғни, арнайы киімдер киместен, белгіленген уақытқа сай жұмыс істемейді. Олардың жауапсыздығы салдарынан жұмысшылар жазатайым жағдайларға түскен.

Баспасөз мәслихатында Салыхан Полатов өткен жылы құрылыс саласына бөлінген қаржыдан 18 млн. теңге игерілмей қалғанын айтты. Соған қарамастан жоспарланған жұмыстар толығымен атқарылған.

Соңғы жаңалықтар