Сапарбаев үш ауысымды мектептер жайын білмейтін білім басқармасының басшысын сынады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев апатты, үш ауысымды мектептер жайын толық білмейтін білім басқармасының басшысын сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде бірінші тоқсанның қорытындысы шығарылды. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш тұрақты. Жыл басынан бері 43,5 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылып, 2200 жаңа жұмыс орны ашылған. Жоспар бойынша биыл 31 мың ақтөбелік уақытша, тұрақты жұмыспен қамтылады. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаровтың айтуынша,  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша өңірге 4,8 миллиард теңге бөлінді.

Осы жылдың алғашқы үш айында өнеркәсіп өндірісі 350,4 миллиард теңгені құрады. Түрлі-түсті металл өндірісі 12 пайызға, құрылысы материалдарының өндірісі 29 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімінің көрсеткіші 24,5 миллиард теңгені құрады. Өңірде 148 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.

«Бірінші тоқсанды қалай бастасақ,  жыл солай аяқталады. Біз желтоқсанда жұмыс істеуді үйренгенбіз. Неге жыл аяғындағы жақсы жұмыс жыл басында жалғаспайды? Біз 10 күн қалғанда жүгіре бастаймыз. Біз мүмкіндігімізге қарай жұмыс істеуіміз қажет. Негізгі көрсеткіштер бойынша республикада ең кем дегенде 5-орында болуымыз керек»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жиын кезінде облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуын тізбектеп берді. Жоспар бойынша жыл соңына дейін барлық аудандар 3-6 жас аралығындағы балаларды бақшамен қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар, 20 мектепке жобалық-сметалық құжат дайындалып жатыр.

«Қанша мектеп апатты жағдайда? Қанша мектеп үш ауысымда? Аудандарды араламайсыңдар, жағдайды білмейсіңдер. Кеше Қобда ауданының Өтек орта мектебінде болдым. Мектепке 28 жылда бірде-бір рет жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
 

Соңғы жаңалықтар