Сапарбаев автобус өртінен аман қалғандардың жағдайымен танысты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев автобустағы өрт кезінде аман қалған 5 адаммен кездесті. Өңір басшысы ауруханаға барып, олардың хал-жағдайын білді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев еңбек демалысынан шығып, автобустағы өрттен аман қалған адамдармен танысты. Сонымен қатар, оның жанында Ішкі істер департаментінің бастығы Махамбет Абисатов бар. 

Публикация от Ақтөбе облысы (@aktobe_akparat) Янв 20, 2018 at 12:01 PST

«Тексеру жүріп жатыр. Комиссия құрылды»,- деп айтты өңір басшысы Бердібек Сапарбаев. Кейін әр науқастың жағдайын білді.

Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстанның айтуынша, олардың қолы мен бетін күйік шалып, газға тұншығып қалған.

Айта кетейік, автобустағы өрттен соң полиция тергеуді бастап, аман қалған адамдардан жауап алып жатыр. 

Фото : www.instagram.com/aktobe_akparat

Соңғы жаңалықтар