Сапарбаев әлеуметтік пәтерлердің санын көбейтуді тапсырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында коттедждер мен таунхаустар, көпқабатты үйлер салынып жатыр.Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мемлекеттік бағдарламасмен салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

 «Нұр Ақтөбе» ықшамауданы 100 мың адамға шақталған. Мұнда мектеп, балабақша, емхана секілді әлеуметтік нысандардың бәрі салынады. Қазіргі кезде бұл ауданда 1200 орынды мектеп пен 320 орынды балабақша жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы салынған көпқабатты үйлер пайдалануға берілді. Жаңа аудандағы құрылыс жұмыстары күн өткен сайын қарқын алып келеді. Мәселен, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 22 көпқабатты үй мен 197 коттедждің құрылысы жүріп жатыр. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тынымсыз жұмыс істеп жатқан құрылысшылармен кездесіп, өз алғысын айтты.

null

 «Құрылыс қарқынын бәсеңдетпей жұмысты жалғастыра беру керек. Біз құрылыс жұмыстарының 12 ай бойы үздіксіз жүргені дұрыс деп санаймыз. Ендігі тапсырма - қысқа дейін үйлердің  шатырын көтеріп, есік, терезелерін салу. Қыста ішкі әрлеу жұмыстары жүреді. Бөлінген қаржыны дер кезінде игеріп, жұмысты кестеге сәйкес аяқтау тапсырылады. Таяуда кірпіш зауыты іске қосылады. Бұл құрылыс жұмыстары кезінде үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік беретін өндіріс орны. Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Елбасы құрылыс жұмыстарына жоғары бағалады. Сіздерге алғыс айтамын»,- деді өңір басшысы Б.Сапарбаев. Ал жаңа үйлер пайдалануға берілген кезде көше жарықтандырылып, бейнебақылау камерасы қойылады.

  Айта кетейік, «Нұр Ақтөбе» ықшамауданында 1 мың орынды мектеп, 320 орынды екі балабақша салынады. Мұнда демалыс алаңдары да қарастырылған. Жоспар бойынша биыл қалада 96 әлеуметтік пәтер тапсырылады. Құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 1,2 миллиард теңге бөлінген. Келер жылы 300 пәтер бітеді.

null

 «Ақтөбеде пәтер кезегінде тұрған адамдар көп. Әлеуметтік тұрғын үйдің санын көбейту керек»,- деді Бердібек Сапарбаев. 

Соңғы жаңалықтар