Сапарбаев: 2018 жыл - Ақтөбе үшін экономикалық серпіліс жылы

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кезінде биыл экономикалық серпіліс жылы болатынын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін Өнер орталығында есеп беріп жатыр. Өткен жылы өңірде экономикалық өсім 105 пайызды құрады. Экономикаға 437 миллиард теңге инвестиция келді. Өткен жылы 793 мың шаршы метр тұрғын үй берілді. Яғни, 6800 ақтөбелік жаңа қонысқа ие болды.

«2018 жыл  Ақтөбе үшін экономикалық серпіліс жылы болады. Биыл бес бағытта дамуымыз керек. Халық үшін әлеуметтік бағдар, өмір сүру сапасын жақсарту, азық-түлік қауіпсіздігі, индустриялық даму, кедергісіз бизнес маңызды», - дейді әкім.
null 

Ол, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасына орай адами капиталмен жұмыс істейтінін айтты.

«Қазіргі кезде балабақшамен қамтамасыз ету көрсеткіші 95,6 пайыз. Биыл 6 мыңға жуық бала балабақшамен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп көрсеткіш 98 пайызға жетуі тиіс. Мектеп құрылысында серпіліс бар. Өткен жылы 13 жаңа мектеп іске қосылды. Қазіргі кезде 26 мектептің құрылыс жүріп жатыр. Ақтөбеде қаласы бойынша 600, 900, 1200 орынды мектептер саламыз. Елбасының апатты, үш ауысымды мектептерді жою тапсырмасы 2020 жылы орындалады. Білім саласын ақпараттандыру жүріп жатыр. Баланың сабаққа келіп, кетуі, күнделіктің бәрі электронды болды»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, адами капиталды дамыту мақсатында «Бақытты бала» жобасы іске асырылып жатыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде ТМД елдерінде жоқ лагерь ашылады. Онда мүгедек және он екі мүшесі сау бала тынығады. 
null null 

Соңғы жаңалықтар