Сапалы тауар үшін шығынның жартысы өтеледі - NADLoC

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық тауар өндірушілерге өнім мен қызметтің сапасын дәлелдеп бергені үшін 90 миллион теңгенің шығынын өтеп береді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінде ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Ол жерде индустриалдық-инновациялық қызмет саласындағы 50 субьектінің 91 млн. 595 мың теңге шығынын өтеу туралы шешім шығарылды", - делінген агенттіктің ресми xабарламасында.

Қазіргі ережелерге сәйкес, тауардың сапасын xалықаралық стандарттарға сай екенін дәлелдеген кәсіпкерлер аталған қолдау шараларына ие бола алады.

Айта кетер жайт, шығындардың 50 пайызын өтеу үшін тиісті құжаттарды ұсыну қажет. Алайда ол сома 3 мың АЕК-тен аспауы шарт.

Соңғы жаңалықтар