Самбодан әлем чемпионы Мади Набиев шымкенттік оқушылармен кездесті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Самбодан әлем чемпионы, білікті бапкер Мади Набиев шымкенттік оқушылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында өткен кездесуде даңқты спортшы өмір тәжірибесі туралы әңгімелеп, алға қойған мақсаттары мен болашақ жоспарларымен бөлісті. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, тұрақты түрде спортпен шұғылдануға кеңес берді. Сонымен бірге, даңқты спортшы жастарды жат ағымдардан аулақ болуға үндеді. Спортқа бір табан жақын болған ерлердің бәсі биік болып, жолы оңғарыла түсетінін жеткіншектердің жетесіне жеткізіп айтты.

Еске сала кетейік, Мади Набиев - 2016 жылы Хорватия мемлекетінің Пореч қаласында самбо күресінен  өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Саңлақ спортшы 35-39 жастағы шеберлер арасынан үздік шыққан. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Грекия елі Солоники қаласында өткен әлем чемпионатында 90 келі салмақта жеңімпаз атанған. Қазіргі таңда, №11 шығыс жекпе-жек түрлерінен балалармен жасөспірімдер мектебінде джиу-джитсу және сомбо бөлімінің аға жаттықтырушысы болып еңбек етіп жүр.

Соңғы жаңалықтар