Салықтың міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен айырмашылығы бар - Біртанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Салықтың міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен айырмашылығы бар. Мұндай пікірді «Хабар» телеарнасында өткен тікелей эфирдегі ток-шоу барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетерлігі, пікірталаста министрге қарсылас болған «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев түрлі дәлелдер арқылы міндетті медициналық сақтандырудың салықтың жаңа түрлерінің пайда болуына жол ашатындығын ашық айтқан болатын.

«Сақтандырудың салықтан қандай айырмашылығы бар екендігін Рахым жақсы біледі деп ойлаймын. Біз медициналық сақтандыру жүйемізді медициналық сақтандырудың халықаралық стандарттарына толықтай сәйкестендіріп жасадық. Жетекші сарапшыларды да тарттық. Бұл жұмыстарға жетекші эконимистер де тартылды. Мәселе салық немесе сақтандыру жарнамасы төңірегінде емес», - деді министр.

Осы ретте ол бүгінгі таңда қарапайым қазақстандықтары қолданыстағы жүйе аясында қандай қызметтерді тегін ала алатындығы толғандыратындығын атап өтті.

«Біз қазіргі уақытта салық төлейтіндігімізді және бюджеттің мүмкіншіліктері мүлдем жеткіліксіз екендігін айтып отырмыз. Мәселе өте қарапайым ғана, мен салалық маманға қарала алмаймын, ота жасатуды бірнеше ай күтуіме тура келеді. Сондықтан да мәселе оған үлкен қаржының қажеттігі төңірегінде болып отыр», - деді Біртанов.

Сонымен қатар ол міндетті медициналық сақтандыру мәселеріне байланысты қоғам арасында туындайтын мәселелерді жіті бақылап отырғандығын және оған таяу аралықта жауап беруге дайын екендігін баса айтты.

«Денсаулық сақтау саласына қатысты сауалдардың көптігін ескере келе мен таяу аралықта интернет конференция өткізуді ұсынамын. Тікелей эфирде медициналық сақтандырудан басқа да сұрақтарға жауап беруге дайынмын», - деді Біртанов.

Соңғы жаңалықтар