«Саламатты Қазақстан» пойызы Ерейментау жерінде болды

None
None
  КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Саламатты Қазақстан» пойызы Ақмола облысының шалғайдағы елді мекендерінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерейментау станциясына аялдаған пойыз осында екі күн болды. «Саламатты Қазақстан» пойызының басшысы, тіс дәрігері Маржан Мүкпенованың айтуынша, бригада құрамында 25 бірінші және жоғары санатты дәрігерлер бар.

«Дәрігерге қаралуға ниет білдірген, тіпті көмекке зәру қала мен ауыл тұрғындарының бәріне әріптестердің қызметі қолжетімді болды», - дейді Маржан Мүкпенова.
null

Медицина пойызына сегіз вагон тіркеліпті. Онда көпсалалы кеңесшілік-диагностикалық көмек көрсетуге және өзге де мүмкіндіктер қарастырылған. Дәрігерлер тегін қызмет көрсетті. Пойызда гинеколог, терапевт, невропатолог, кардиолог, оташы, офтальмолог, педиатр, тіс дәрігері, рентгенолог және өзге сала өкілдері жұмыс істеді. Дәрігердің қабылдауына қоса жол бойы бірқатар диагностикалық шаралар атқарылды. Мамандарға жүгінген науқастардың іш құрылысы ультрасәуле әдісімен зерттелді, рентгенологиялық тексеріс, клиникалық-биохимиялық сараптама жүргізілді.

Жылжымалы құрам заманауи жабдықпен де жарақтандырылыпты, шұғыл кеңес беру үшін кез келген клиникамен, институтпен байланысқа шығуға мүмкіндік қарастырылған.

Медицина мамандарына қажетті жағдайдың бәрі ойластырылған. Вагонда ғаламтор, душ кабинасы, телефон, теледидар, дизельді генератор, бәрі-бәрі баршылық. Дәмханада төрт мезгіл тамақ қарастырылған.

Одан әрі «Саламатты Қазақстан» пойызы ірілі-ұсақты станцияларды бағытқа алып, әрі қарай сапарын жалғастырады. Мәселен, бір ғана Торғай стансасында 96 адам, оның ішінде 5 бала жоғары білікті мамандарға қаралды.

Соңғы жаңалықтар