Сағынтаев «Шеврон» басшылығымен мұнай-газ секторын жаңғырту мәселелерін талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметте Астанада өтетін Шетел инвесторлары кеңесінің 30-шы отырысы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Шеврон»-ның атқарушы вице-президенті Джеймс Джонсонмен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Теңіз кен орнын кеңейту жобасы талқыланды. Тараптар аталған жоба Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына, сондай-ақ ТШО-ның барлық серіктестеріне оң мультипликативті әсер беретінін атап өтті.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында бекітілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында мұнай-газ секторын технологиялық жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар, тараптар Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін талқылады.

Анықтама:

«Шеврон» Қазақстанның басындағы Теңіз кен орнын өңдейтін «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) акцияларының 50%-на ие. 

ТШО Сағалық қысымды басқару жобасын/Болашақ кеңейту жобасын (СҚБЖ/БКЖ) іске асыруды бастады, оның аясында қуаты жылына 12 млн тонна мұнай өңдейтін жаңа зауыт және қуаты 9,4 млрд м3/жыл шикі газды кері айдау нысандарын салу көзделген.

СҚБЖ/БКЖ аясында ҚР-да 20 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған, кадрларды оқыту және даярлау шаралары қарастырылған, сондай-ақ пайдалану кезінде 700-ге жуық тұрақты жұмыс орны құрылады. 

Соңғы жаңалықтар