Сағынтаев Павлодарда өнеркәсіптік кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту мәселесін талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Павлодарда облыстың өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындарының басшыларымен кеңес өткізді, онда Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру аясындағы технологиялық жаңғырту мәселелері бойынша пікір алмасылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов ел Президенті Жолдауының өңірде іске асырылуы туралы, сонымен қатар өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашу және сервистік экономиканы дамыту шаралары туралы баяндады.

Кеңесте кәсіпорындарды жаңғырту жоспарлары туралы «Еуразия тобы» ЖШС басқарма төрағасы А. Қазтаевтың, «Kaz Minerals PLC» басқарма төрағасы О. Новачуктің, «KSP Steel» ЖШС бас директоры Э. Креймердің, «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры С. Раиповтың баяндамалары тыңдалды.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері отын-энергетикалық кешен нысандарының құрылысына қатысты мәселелерді қозғады. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек пен ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев түсініктеме беріп өтті.

Заманауи технологиялық жабдықта жұмыс жасайтын мамандарды даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Аталған тақырып бойынша ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова сөз сөйледі.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары басшыларының назарын әлемдік нарықтарда өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатымен өнеркәсіптік үдерістерді цифрландыру мен роботтандыру міндеттерін шешу мәселесіне аударды.

Аталған мәселелер Қарағанды облысындағы көшпелі кеңес кезінде толығырақ талқыланатын болады. Онда еліміздің барлық жүйеқұраушы кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту барысы қаралады.

Соңғы жаңалықтар