Сағынтаев Қызылордада білім беру саласындағы МЖӘ жобаларымен танысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында білім беру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобаларының іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

«Нұр Шұғыла» балалар бақшасын мысалға ала отырып, Бақытжан Сағынтаевты мектепке дейінгі мекемелердің құрылысына жеке инвестициялар тарту мен мемлекеттік тапсырысты үлестіру шаралары туралы ақпараттандырды. Үкімет мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығын кеңейту мақсатымен қайта реттеу, әкімшілік кедергілерді жою және салық пен әкімшілік заңнаманы жетілдіру бойынша шараларды қабылдап жатыр.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында білім беру саласында МЖӘ аясында 3 жоба іске асырылған. Осы жылдың соңына дейін МЖӘ-нің қосымша 2 келісімшартына қол қою жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар