Сағынтаев Қызылорда облысының активімен Президент Жолдауын талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында өңірдің қоғамымен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының жеке бағыттарын іске асыру барысын талқылады, деп хабарлайдыp rimeminister.kz.

Экономиканың сапалы өсіміне қол жеткізу үшін орталық және өңірлік деңгейде басты стратегиялық бағдарламаларды үйлестірілген іске асыруды қамтамасыз ету қажет:

• өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы;
• «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы;
• АӨК дамыту бағдарламасы.

Бұдан өзге, «Индустрия 4.0» элементтерін енгізуді ескере отырып, экономиканың базалық салаларын технологиялық жаңғыртуды жеделдету қажет. Осыған байланысты Үкімет өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдаудың қажетті шараларын қабылдайды.

Бақытжан Сағынтаев жұмыс істеп тұрған өндірістерді технологиялық жаңартуға және базалық салалардан жұмыстан босатылған жұмыскерлерді сервистік экономикаға көшіруді басқару бойынша жүйелі жұмысқа, жаңа индустрияларға және қарапайым заттар экономикасына баса назар аударды. Сонымен қатар, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын іске асыру аясында жұмыссыздарды кәсіптік оқыту және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықпен жұмыс мәселелері талқыланды.

Өзгеріп жатқан әлемдік жағдаятты ескере отырып, өңірдің экономикасын әртараптандыру қажет. Атап айтқанда, инвестицияларды тарту және саланы цифрландыру арқылы өңдеу өнеркәсібін дамыту қажет.

Кездесу барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Президенттің Жолдауын іске асырудың аралық қорытындылары туралы баяндады және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы хабарлады.

Қоғам өкілдері, оның ішінде «Сыр Маржаны» ЖШС басшысы М. Өтеев, «Аралтұз» АҚ басшысы Д. Мұқашев, облыстық білім және ғылым жұмыскерлері кәсіподағының төрағасы Р. Байназарова, облыстық мәслихат депутаты А. Махамбетов, «Оrda Glass ltd» ЖШС басшысы Е. Сағымбаев пен «Нұрай» ЖШС басшысы C. Алшынбаев, жазушы С. Жұбатыров, «Байқоңыр» агрохолдингінің директоры М. Еспанов өңірді әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамыту, АӨК саласындағы және облыс экономикасының басқа салаларындағы жобаларды іске асыру мәселелерін көтерді.

Соңғы жаңалықтар