Сағынтаев Қытайдағы ірі машина жасау компаниясының басшысымен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев SANY Group компаниясының президенті И Сяоган бастап келген делегациямен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат  primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында машина жасау саласында, сонымен қатар көлік-логистикалық орталықтардың құрылысы мен оларды дамыту саласында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.  

SANY Group-тің негізі 1989 жылы қаланған және ол ҚХР-дің алғашқы жекеменшік машина жасау компанияларының бірі болып табылады. Негізгі қызметі - құрылыстық және арнайы техникаларды әзірлеу, өндіру және сату. Қытайдағы ірі машина жасау компаниясы және әлемдік рейтингте бесінші орында.

Соңғы жаңалықтар