Сағынтаев Еуропалық комиссияның экс-президенті Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропалық комиссияның экс-президенті Жозе Мануэль Баррозумен қаржы және инвестициялық салаларды дамытудың өзекті мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz .

Кездесу барысында ЕуразЭҚ дамыту әлеуеті, сонымен қатар әлемдік трендтерді ескере отырып, Қазақстанның қаржы жүйесін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар Ж. М. Баррозудың Еуропалық комиссияға төрағалық еткен кезінде қол қойылған кеңейтілген серіктестік туралы келісім аясында Қазақстан мен ЕО-ның алдағы ынтымақтастық келешегі туралы пікірлерімен алмасты.

Айта кетерлігі, Еуропалық комиссияның экс-президенті, Португалияның Премьер-Министрі (2002-2004 жж.) Жозе Мануэль Баррозу Қазақстанға 22-24 маусым аралығында Астанада өткізіліп жатқан Еуразиялық медиа форумға қатысу үшін келді.

Соңғы жаңалықтар