Сағынтаев «Экспо-2017» жаңа технологияларын енгізу мәселелері жөнінде кеңес өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Экспо-2017» халықаралық көрмесінде ұсынылған жаңа технологияларды енгізу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кеңес барысында «Экспо-2017» жаңа технологияларын ғылым, ауыл шаруашылығы, ақпарат және коммуникациялар, темір жол саласында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, азаматтық авиация, сондай-ақ, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінде қолдану мәселелері талқыланды. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Энергетика министрлігінің жүргізген жұмыстары туралы ақпарат тыңдалды.

Айта кетейік, барлық салалар бойынша ұсынылған жаңа технологиялардың деректер базасы құрылған, ынтымақтастық туралы тиісті меморандумдарға қол қойылған және жеке, авторлармен және инвесторлармен бірлескен жобалар пысықталып жатыр.

ҚР Энергетика министрлігі ұлттық компаниялардан сарапшыларды тарту арқылы жұмыс тобын құрған. Көрмеден 105 шетелдік және 28 отандық технологиялар іріктеліп алынған.

Ұлттық компаниялар 25 технологияны, өңірлердің әкімдіктері - 85 технологияны таңдап алған. Арнайы жол карталары әзірленіп, бекітілген. Мұнай және газ саласында 25 жобаны, электр энергетикасында - 24, көмір саласында - 5 және экология саласында - 36 жобаны іске асыру жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар