Сағадиев ЖОО-да оқу бағасы туралы: Лимит бекітіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде ел халқының жартысы жоғары білім алу бағасын тым жоғары деп, ал екінші жартысы тым төмен деп санайды. Сондықтан, біздің көзқарасымызша, ЖОО-ларға олардағы білім алу бағасының қанша болатындығын анықтау мүмкіндігін беру өте дұрыс қадам болмақ», - деді ол.
null

Осы орайда министр білім алу бағасына қойылатын шектеуге де тоқталып өтті.

«Оқу бағасына қатысты лимит бекітіледі. Бірақ жанама әдіс арқылы болады. Яғни, бір студентке арналған оқулыққа кететін шығын санына, бір студентке педагог санына, олардың біліктілік талаптарына қатысты. Бізде әрбір ЖОО-ға талап бар. Бұл талапты орындау барысында одан төмен сомаға түсудің экономикалық мүмкіншілігі жоқ»,- деді Ерлан Сағадиев.

Соңғы жаңалықтар