Руслан Мырсатаев: Кіммен болса да айқасқа әзірмін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «EXPO-2017» көрмесінің аумағындағы амфитеатр маңында жанкүйерлеріне арнап ашық жаттығу өткізген Руслан Мырсатаев кіммен болса да жұдырықтасуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 кыркүйек күні өтетін бокс кешіне дайындықты ойдағыдай жасап жатырмын. Қазір дәл бабымдамын. Күні ертең қарсыласыммен шығуға дайынмын. Кіммен болса да жұдырықтасуға әзірмін», деп атап өтті Руслан Мырсатев жаттығудан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Еске салайық, 9 қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде жоғарыда аты аталған және өзге де боксшыларымыз «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді.

Басты жекпе-жек Қанат Ислам мен (24-0,19 КО) канадалық Брэндон Кук (18-0, 11КО) арасында өтеді. Боксшылар бірінші орта салмақтағы IBF титулына үміткерлікке таласады. Сондай-ақ осы жекпе-жектің андеркартында қазақстандық 8 боксшы шаршы алаңға шығады.

Олар: Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0,2КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0,5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев.

Соңғы жаңалықтар