Рудныйда марихуана саудалағандар ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласының полицейлері есірткі заттарын сақтап келген тұрғындарды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13 қазан күні Рудный қаласы ІІБ есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Корчагин көшесінің бойында 28 жастағы жігітті ұстады.

«Тексеру барысында облыс тұрғынының қалтасынан түйіншек зат тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, түйіншекке марихуананың салынғаны анықталды. Оның салмағы - 7 грамм», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы.

14 қазан күні «Көкнәр-2017» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында 50 лет Октября көшесіндегі көпқабатты үйдің кіреберісінде 40 жастағы күдікті ұсталды. Жеке тексеру барысында полицейлер салмағы 27 грамм болатын марихуана тапты.

Осы күні сағат 17.00-де 31 жастағы Рудный қаласы тұрғынынан 6 грамм марихуана табылған.

Барлық аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар