Рудный әкімінің орынбасарына пара берген кәсіпкер қамауға алынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қалалық соты пара бергені үшін «Өркен» ЖШС директоры Өмірхан Мүсірәлиевке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кәсіпкер 12 мамырда Рудный қаласы әкімінің орынбасары М. Досболовқа 15 млн теңге сомасында пара беру кезінде ұсталды.

 «Қомақты пара Рудный әкімдігінің «Темір-кен ТЭК» МҚК директорымен «Кәріздік тазалау құрылғыларынан Рудный қаласындағы Васильевкий буландырғыш қондырғысына дейін биологиялық тазаланған суды тасымалдау» объектісі бойынша орындалған жұмысты еш кедергісіз қабылдау, сондай-ақ «Өркен» ЖШС-нің есепшотына ақша қаражатын уақтылы аудару үшін берілген», - деді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Рудный әкімінің орынбасары М. Досболов пара алғаны үшін екі айға тұтқындалғаны белгілі.

Соңғы жаңалықтар