Роман Креч әлем чемпионатының күміс жүлдегері атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық конькимен жүгіруші Роман Креч спринтерлік көпсайыстан бірінші жарыста 500 метр қашықтықта күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сайыста бірінші орынды голландиялық Роналд Мюлдер алса, үшінші орынға ресейлік Руслан Мурашов жайғасты.

Екінші жарыс Астана уақытымен сағат 02:00-де басталады.

Конькимен жүгіру спорты. Спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионаты. Калгари (Канада)

Ерлер. 500 метр. Бірінші жарыс.

1. Роналд Мюлдер (Нидерланды) - 34.18

2. Роман Креч (Қазақстан) - +0.03

3. Руслан Мурашов (Ресей) - +0.11  

Соңғы жаңалықтар